423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лозанна-2020: Алексей Байдектің командасы екінші ойында жеңіске жетті

  • 413
  • UPD: 18:26, 11.01.2020
Лозанна-2020: Алексей Байдектің командасы екінші ойында жеңіске жетті Olympic.kz

Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші жарыс күні басталды.

Бүгін 3*3 хоккейден аралас командалық жарыс аясында қазақстандық Алексей Байдектің командасы екінші рет жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Алексей Байдек намысын қорғайтын «Сұрлар» командасы екінші ойында «Сарылар» командасын 11:8 есебімен ұтты.

Айта кетелік, кеше «Сұрлар» командасы «Көктерден» 9:8 есебімен басым түскен болатын.

Жасөспірімдар Олимпиадасында хоккейден аралас командалық сын алғаш рет өткізіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы