380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің биатлоннан ерлер командасы Германияда үздік 20 команданың қатарына енді

  • 209
  • UPD: 14:34, 12.01.2020
Еліміздің биатлоннан ерлер командасы Германияда үздік 20 команданың қатарына енді

Биатлоннан Германияның Оберхофф қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің төртінші кезеңінде Қазақстан ерлер командасы эстафетадан 17-орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Эстафетаға жалпы есебі 26 команда қатысты. Қазақстан атынан Антон Пантов, Роман Еремин, Владислав Витенко және Тимур Куц жарыс жолына шыққан болатын. Тартысты бәсекеде қазақстандықтар 17-орын иеленді. Сондай-ақ әлем кубогі рейтингінде Қазақстан командасы екі орынға жоғарылап, 21-сатыға тұрақтады. Ерлер арасындағы эстафетада Норвегия топ жарса, Франция күміс, Германия қола жүлдегер атанды. Ал әйелдер командасы арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 19-орыннан көрінді. 

Хабар 24 телеарнасы