376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» елордада «Локомотивті» жеңді

  • 126
  • UPD: 19:52, 12.01.2020
«Барыс» елордада «Локомотивті» жеңді Prosports.kz

Елордалық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дің кезекті турында Ярославльдің «Локомотив» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс Аренада» өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта алаң қожайындары сапынан Сағадиев шайба соғып, командасын жеңіске жетеледі. 

Андрея Скабелка шәкірттері екі күнде қатарынан екі ойын өткізіп отыр. Кеше өз айдынында омбылық «Авангардтан» жеңілген еді. Ал бүгін «Локомотивті» жеңіп, екі ұпай еншіледі.  

Айта кетейік, «Локомотив» – елордалықтар үшін аса қолайсыз қарсыластардың бірі. «Барыс» бұл команданы бұған дейін соңғы рет 2017 жылы 27 қыркүйекте жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы