423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиадаға іріктеу: Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орын алды

  • 811
Олимпиадаға іріктеу: Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орын алды

Таиландта өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің қыздар бүгін Оңтүстік Кореядан 20:25, 16:25, 21:25 есебімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея, Индонезия және Иран құрамаларынан бірге В тобында бақ сынап жатыр. Өз тобында алғашқы екі орынды иеленген командалар жартылай финалға өтеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Индонезия мен Иранды жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы