377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рыбакина үздік 30 теннисшінің қатарына кірді

  • 119
  • UPD: 10:07, 13.01.2020
Рыбакина үздік 30 теннисшінің қатарына кірді

Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде үздік отыз теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Рейтингте 36-орыннан 30-орынға көтерілген Е.Рыбакина Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Бұл – 20 жастағы Е.Рыбакинаның өз спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші. Е.Рыбакина енді Хобарт (Аустралия, жүлде қоры 275 мың АҚШ доллары) турнирінде ойнайды. Оның қарсыласы – әлемнің 69-ракеткасы, словениялық Тамара Зиданшек. Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 32-орыннан 37-ге сырғыды. Ол Аделаида (Австралия, жүлде қоры – 848 мың АҚШ доллары) турнирінің іріктеу сайыстарынан сәтті өткенімен, бүгін алғашқы айналымда әлемнің 52-ракеткасы, австралиялық Айла Томляновичтен 6:7 (4:7), 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс рейтингте 75-тен 73-сатыға көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы