377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды

  • 143
  • UPD: 10:37, 13.01.2020
«Астана» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды

Жақын күндері «Астана» футбол командасының бас бапкері болып чехиялық Михал Билек тағайындалады, деп хабарлады Елорда Инфо vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін бұл орынға үміткерлердің қатарында румыниялық Дан Пекелдтреску, украиналық Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словакиялық Владимир Вайс қарастырылған болатын.

«Астананың» қазіргі бас бапкері Роман Григорчук жақын күндері орнын босатады. Бұған дейін украин жаттықтырушысының клубтан кететіні айтылды. Ол елордалық ұжымды 2018 жылдың маусым-тамыз айларында, сондай-ақ 2019 маусымда жаттықтырды.

Айта кетейік, 54 жастағы Михал Билек 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Еуро-2020 додасына іріктеу кезінде 10 ұпай жинап, өз тобында 5-орын алды.

Чехиялық маман Қазақстан ұлттық құрамасына келгенге дейін өз елінде бірқатар команданы, сол сияқты грузиялық «Динамоны» (Тбилиси) жаттықтырды. Оның басшылығымен «Спарта» (Прага) командасы 2007 жылы алтын дубль жасаса, 2003 жылы Чехия жастар құрамасы (19 жасқа дейін) Еуро біріншілігінде 3-орын алған.

Хабар 24 телеарнасы