399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михал Билек – «Астананың» жаңа бас бапкері

  • 392
  • UPD: 11:36, 14.01.2020
Михал Билек – «Астананың» жаңа бас бапкері

Михал Билек «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы футбол клубының ресми сайты жазды.

Михал Ұлттық құрамадан бөлек, өз Отанындағы «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарында және Чехия Ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Сондай-ақ, костарикандық «Картахинес», словакиялық «Ружомбероке», грузиялық «Динамо» (Тбилиси) клубтарындағы жұмыс тәжірибесі бар.

Чехия Ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шығып, Чехияның жасөспірімдер құрамасымен ЕУРО-да қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ «Спарта» командасымен ел чемпионатында топ жарып, кубокты жеңіп алған.

Хабар 24 телеарнасы