377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баландин Champions Swim Series жарысында қола жүлдегер атанды

  • 195
  • UPD: 10:54, 15.01.2020
Баландин Champions Swim Series жарысында қола жүлдегер атанды

Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) Champions Swim Series жарысының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00:55 ішінде жүзіп өтті. Жарыс нәтижесінде Арно Камминга (Нидерланды) 100 метрді 58:61 минутта бағындырып, жеңімпаз атанды. 59:02 нәтижесімен күмісті Зибей Ян жеңіп алды.

15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі.

Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланд) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері американдық Джон Прено қатысады.

Хабар 24 телеарнасы