375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық мергендер Кувейттегі турнирде үш медаль еншіледі

  • 149
Қазақстандық мергендер Кувейттегі турнирде үш медаль еншіледі

10-18 қаңтар аралығында Кувейтте нысана көздеу және стенд атудан гран-при турнирі өтуде. Аталған сында қазақстандық мергендер сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Стенд атудан «скит» бағдарламасында Қазақстан командасының мүшесі Александр Мұхамедиев алтын жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Ещенко төртінші орыннан көрінді.

«Скит» бағдарламасынан әйелдер арасында өткен сында Әсем Орынбай күміс жүлде иеленсе, Анастасия Молчанова қолаға қол жеткізді. Ал финалда сынға түскен тағы бір отандық мерген Зоя Кравченко алтыншы орынға табан тіреді.

Хабар 24 телеарнасы