380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылғы Африка ұлттар лигасының кубогы қыста өтеді

  • 78
  • UPD: 11:37, 16.01.2020
2021 жылғы Африка ұлттар лигасының кубогы қыста өтеді фото: xsport.ua

2021 жылғы Африка ұлттар лигасының кубогы қыс айында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Қара құрлықтың чемпионатын жазда ұйымдастыру туралы шешім шыққан еді. Алайда, турнирді қабылдаушы ел Камерунның өтініші бойынша Африка футбол конфедерациясы жарыстың кестесіне өзгеріс енгізіп, қыс айына ауыстырды. Себебі Камерунда ауа райы қатты ыстық. Сондықтан жазда футбол ойнау мүмкін емес. 1960 жылдан бері Африка ұлттар лигасы қысқы мезгілде өтіп келеді. Тек былтыр Египеттегі чемпионат жазғы уақытта өтті. Келесі жылғы Африка біріншілігі тоғызыншы қаңтарда басталып, алтыншы ақпанда аяқталады.

 

Хабар 24 телеарнасы