412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысады

  • 559
Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысады prosports.kz

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан көп ұзамай Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір «Зенит» Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Исламхан осы жаттығу жиыны аясында қаралымнан өтеді. Тіпті 25 қаңтарға жоспарланған Австрияның «Ред Булл Зальцбургімен» жолдастық матчқа қатысуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Бауыржан Исламханның «Қайратпен» келісімшарты 2019 жылдың соңында аяқталған.

Хабар 24 телеарнасы