419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МакГрегор - Серроне жекпе-жегін қазақстандықтар қай уақытта көре алады

  • 531
МакГрегор - Серроне жекпе-жегін қазақстандықтар қай уақытта көре алады Sports.kz

Атақты аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор сайыс алаңына қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ирландиялық спортшы 2018 жылы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгеннен кейін жекпе-жекке шыққан жоқ. МакГрегор алдағы жексенбіде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында америкалық Дональд Серронемен төбелеседі. UFC аясындағы жекпе-жектің билеттері бір күннің ішінде сатылып кетті. МакГрегор бұл сайыстан 80 млн доллар табыс табатынын мәлімдеді. Америкалық спортшы да қара жаяу емес. Серроне соңғы екі кездесуде ұтылып қалды. Бірақ ол 23 мәрте қарсыластарынан басым түсіп, 16 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. МакГрегор - Серроне жекпе-жегі елорда уақытымен жексенбі күні таңғы тоғызда басталады. 

Хабар 24 телеарнасы