375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші Е.Рыбакина Хобарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

  • 136
  • UPD: 12:28, 18.01.2020
Қазақстандық теннисші Е.Рыбакина Хобарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалда қытайлық Шуай Чайдан 7:6 (9:7), 6:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosprots.kz.

Біздің спортшымызға WTA турнирлерінде 4 рет және ITF турнирлерінің финалында 20 рет жеңіске жеткен әлемнің 40-ракеткасы қарсылас атанған.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды. Бұл Рыбакинаның еншісіндегі алтыншы,  ал WTA сериялы турнирлеріндегі екінші жеңісі.

Еске сала кетелік, Елена жақында Қазақстан қытайлық Шеңжеңде өткен турнирдің финалына шықты, алайда ресейлік Екатерина Александроваға қарсылық білдіре алмады. 

Хабар 24 телеарнасы