377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада велотректен әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты басталды

  • 114
Елордада велотректен әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты басталды

Бұл бәсеке биыл ресми жарыстар күнтізбесіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 70-тен аса әуесқой спортшы «Қазақстан чемпионы» деген атақты сарапқа салып жатыр. Жарыстың алғашқы күні жекелей сындар өтті. Жеңімпаздар бірнеше жас деңгейі бойынша анықталды. Ал ертеңгі сайыскерлер командалық сынға қатысады. Алдағы уақытта жарыстың ауқымы мен қатысушылар санын ұлғайтып, жыл сайын өткізу көзделіп отыр.

Бауыржан Өтегенов, олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушысы:

– Бұл бәсекені біздің олимпиадалық даярлау орталығы осыдан 3 жыл бұрын ұйымдастыра бастаған. Бірте-бірте оның форматы кеңейіп, республикалық деңгейге жетіп отыр. Әсіресе, ресми жарыстар қатарына қосылғаны қуантады. Бұл – әуесқой спортшылар үлкен мотивация. Жалпы елдегі бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай ықпал етеді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы