426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинге лайықты қарсылас табылды

  • 588
  • UPD: 10:45, 19.01.2020
Головкинге лайықты қарсылас табылды inbusiness.kz

Мексикалық боксшы таяуда ирландиялық Гэри О'Салливанды нокаутқа түсірді.

Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

«Барлығы да белгілі. Бұл – Геннадий Головкин. Қазақстандық боксшы Мунгия үшін лайықты қарсылас деп білемін. Оның жасы 36-ға келді. Ол бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол осыдан үш-төрт жыл бұрынғы нокаутшы емесі анық. Оның әрекет етуі бәсеңдеп жатыр. Жіберген соққылары да көп. Сол үшін де Мунгия үшін осы жекпе-жек маңызды деп ойлаймын», - дейді Фернандо Бельтран.

Айта кетейік, 12 қаңтарда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-3, 21 KO) жұдырықтасты. Мексикалық боксшы 11-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

«Промоутер ұсынған адаммен жұдырықтасуға дайынмын, - деді мексикалық боксшы. Менде бірнеше нұсқа бар. Асығудың қажеті жоқ, барлығын да ретімен істеймін. Бізге тиімдісін жасаймыз. Жаңа салмақта өзімді жақсы сезінемін. Алайда көптеген дүниелерді дұрыстау қажеті: қозғалыс, қорғаныс және шабуыл. Мақсатымызға жақын қалдық деп ойлаймын».

Кездесуден соң Мунгия орта салмақтың чемпиондарына жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастады. Жаңа салмаққа ауысу үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы