447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конор Макгрегор қарсыласын бірінші раундта жеңді

  • 327
  • UPD: 13:22, 19.01.2020
Конор Макгрегор қарсыласын бірінші раундта жеңді prosports.kz

Лас-Вегастың T-Mobile аренасында UFC 246 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес раундқа есептелген жекпе-жек басталысымен Конор МакГрегор қарсыласын ауыр соққының астына алды. Серроненың басына ауыр соққы тиіп құлады, МакГрегор осы сәтті пайдаланып партерде жекпе-жекті аяқтады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті (40 секундта) тоқтатуға мәжбүр болды.

Дональд Серроне қарсыласына соққы дарытып та үлгермеді. 

Осылайша, МакГрегор спорттық мансабында 22-кездесуде жеңіске жетті, ал америкалық файтер 14-ші рет жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы