427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Серроне МакГрегормен өткен кездесуден соң ауруханаға түсті

  • 416
  • UPD: 14:49, 19.01.2020
Серроне МакГрегормен өткен кездесуден соң ауруханаға түсті vesti.kz

Жекпе-жектен соң жеңіліске ұшыраған америкалық файтер спортпен қоштаспайтынын айтты.

Америкалық файтер Дональд Серроне ирландиялық Конор МакГрегордан жеңілген соң ауруханаға жіберілді. Бұл туралы ESPN журналисі Ариэль Хелвани Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты.

Жекпе-жектен соң жеңіліске ұшыраған америкалық файтер спортпен қоштаспайтынын айтты.

«Конор жекпе-жек бастала сала жойқын соққыларымен мені тығырыққа тіреді. Мен мұндайды күтпедім. Ары қарай не болады дейсіздер ғой? Мен осы спорт түрін жақсы көремін, айқасты жалғастырамын», - деді Серроне.

Алайда жекпе-жектен соң америкалықтың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Басқа мәліметтер әзірге жоқ. Жекпе-жек барысында оның мұрны сынған.

Хабар 24 телеарнасы