378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римдегі турнирде Қазақстанның еркін күрес балуандары 3 медаль алды

  • 272
  • UPD: 19:21, 19.01.2020
Римдегі турнирде Қазақстанның еркін күрес балуандары 3 медаль алды

Римде күрес түрлерінен Matteo Pellicone атты халықаралық рейтингілік турнир өтіп жатыр. Аталған жарыста қазақстандық балуандар үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың соңғы күнінде кілемге 57, 61, 65 және 74 келідегі балуандар шықты. 61 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Санаев күміс, дәл осы салмақта тағы бір балуан Нұрболат Абдуалиев қола жүлдеге иелік етті. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Данияр Қайсанов үшінші орыннан көрінді. 

Айта кетерлігі, аталған жарыста 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуп Батырмұрзаев қола жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.

Хабар 24 телеарнасы