376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратешілер Францияда жаттығу жиынына қатысып жатыр

  • 148
Қазақстандық каратешілер Францияда жаттығу жиынына қатысып жатыр

Бұл күндері каратеден Қазақстан командасы Францияның Ле-Мане қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек, Франция, Бразилия, Венгрия, Сербия, Австралия, Филиппин, Болгария, Иран және Гватемала құрамалары қатысып жатыр. 

«Жақында Чилиде өткен турнирден соң спортшылар климаттық жағдайлар мен уақыт айырмашылығына бой үйрете алмады. Бұл каратешілер үшін қиынға соғуда. Алайда мұндағы жаттығу жиынының арқасында тезірек қалыпқа келіп, бабымызға енетін мүмкіндік бар. Келесі аптада Парижде өтетін Премьер-лига турнирінің алдында бұл жиын біз үшін аса маңызды», - дейді бас бапкер Жасталап Санауов.

Хабар 24 телеарнасы