Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 26-орынға көтерілді
- 562
- UPD: 11:09, 20.01.2020

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы жылды жақсы бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қатарынан екі турнирде финалға шығып, біреуінде жеңіске жеткен спортшы әлемдік рейтингте 26-орынға көтерілді. Рыбакина өткен аптада Австралияның Хобарт қаласындағы жарыста топ жарды. Қазақстандық теннисші спорттық мансабындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ал Юлия Путинцева 38-орынға сырғыды. Зарина Диас 73-орында қалды. Жерлестеріміз бүгін Мельбурн қаласында басталған Австралия ашық біріншілігіне қатысады. Ерлер арасындағы сында Михаил Кукушкин мен Александр Бублик кортқа шығады.