423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасөспірімдер Олимпиадасы: қазақстандық шаңғышылар жүлдесіз қалды

  • 585
  • UPD: 11:13, 20.01.2020
Жасөспірімдер Олимпиадасы: қазақстандық шаңғышылар жүлдесіз қалды Zextrem

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында шаңғышы қыз-жігіттер медальдарды сарапқа салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің атынан төрт спортшы жарыс жолына шықты. Спринтерлік сайыста Айша Рақышева іріктеуден өте алмай, бәсекені 32-орынмен аяқтады. Валерия Батченконың нәтижесі – 45-орын. Жігіттер жарысында Дидар Қасенов пен Ілияс Исабек те іріктеуден арыға бармады. Енді шаңғышы қыз-жігіттер жекелей сындағы классикалық әдіс бойынша медальдарға таласады.

Хабар 24 телеарнасы