423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Зенит» директоры Исламхан бойынша Аршавинмен ақылдасқанын айтты

  • 664
  • UPD: 12:29, 20.01.2020
«Зенит» директоры Исламхан бойынша Аршавинмен ақылдасқанын айтты kazfootball.kz

«Зениттің» бас директоры Александр Медведев қазақстандық Бауыржан Исламханның кандидатурасы бойынша Андрей Аршавинмен ақылдасқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Исламханның «Зенит» ойыншысы атануы қаралымда өзін қалай көрсеткеніне байланысты болады. Бұл соңғы жылдары Қазақстанның үздік ойыншысы, құраманың капитаны, «Қайраттың» капитаны болды. Қазақстандағы сарапшылармен сөйлестім, олар Исламханның үздік ойыншы екенін айтты. Әрине, бұл кандидатура бойынша Андрей Аршавинмен де ақылдастық», – деді Медведев.

Айта кетейік, Андрей Аршавин 2016-2018 жылдар арасында «Қайратта» Бауыржан Исламханмен бірге ойнаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы