376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотрек: елордада әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

  • 149
  • UPD: 13:16, 20.01.2020
Велотрек: елордада әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

Елордада велотректен әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бәсеке биыл алғаш рет ресми жарыстар күнтізбесіне қосылды. Соған сәйкес, қатысушылар «Қазақстан чемпионы» деген атақты сарапқа салды. Айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен аса әуесқой спортшы жиналды. Олар 2 күн бойы командалық және жекелей сындарда өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар жарыс жолына бірнеше жас деңгейі бойынша шықты. Тректегі тартыс алдағы жылдары дәстүрлі ұйымдастырылмақ. Бұған қоса, қазір велоспорттың осы бағытын дамыту үшін олимпиадалық даярлау орталығы жанына әуесқойларға арналған секциялар ашыла бастады.

Хабар 24 телеарнасы