377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабибтің әкесі: Конормен реванш? 100 миллион еуро дайындаңыздар!

  • 227
Хабибтің әкесі: Конормен реванш? 100 миллион еуро дайындаңыздар! prosports.kz

UFC басшысы Дэйн Уайт МакГрегор-Хабиб арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастырғысы келсе, қомақты қаржы дайындауы керек, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы UFCчемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қандай жағдайда ұлының Конор Макгрегормен екінші рет жекпе-жек өткізетінін айтты. 

- Жасыратыны жоқ, бізге де бұл реванш керек. Бірақ 100 миллион еуро беріңіздер. Фергюсонмен өтетін жекпе-жектің ертесі күні осы ақшаны дайындаңыздар. Неге реванш ұйымдастырмасқа, – деді ол. 

Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында Хабиб Конорды тұншықтыру әдісін қолданып ұтқан еді. 

Ал Конор-Серроне арасындағы төбелес 40 секунд ішінде ирландиялықтың жеңісімен аяқталды. 

Хабар 24 телеарнасы