375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайрат Ахметов наурызда жекпе-жек өткізуі мүмкін

  • 187
  • UPD: 17:19, 20.01.2020
Қайрат Ахметов наурызда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметовтің октагонға оралатын уақыты белгілі болды, деп хабарлады prosports.kz.

One Championship баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Ахметов 20 наурызда Вьетнамда өтетін Heart of Heroes туринирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Айта кетсек, Қайрат Ахметов 2019 жылдың 19 наурызында One Гран-При турнирінде Рис Макларенді төрешілер шешімен жеңген болатын. Тамыз айында турнирдің жартылай финалында өнер көрсетуі керек еді. Бірақ жарақатына байланысты қатыса алмады. Қазіргі кезде Ахметов емделіп, қайта қалпына келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы