426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Канадаға барды

  • 735
  • UPD: 10:25, 21.01.2020
Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Канадаға барды

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) жаттықтырушысы Андрей Ивичукпен бірге Канадаға барды, деп жазды Prosports.kz.

Боксшы 25 қаңтарда Монреальда кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Еске салсақ, Батыр Жүкембаев Максимилиано Рикардо Веронмен (12-3-1, 4 КО) жұдырықтасады.

Бұған дейін оның жекпе-жекке дайындалып жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Ал канадалық сарапшы Захари Алапи бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр үшін алдағы жыл сәтті өтеді деп болжады.

Хабар 24 телеарнасы