427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

  • 922
  • UPD: 14:26, 21.01.2020
Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазды Prosports.kz.

Орта салмақ бойынша рейтингте WBO International титулының иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам бесінші сатыдан төртінші орынға көтерілді. Дәл осы салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы үздік бестікке кірді. Ол бұған дейін алтыншы орында тұрған.

Айта кетсек, Қанат Ислам 26 қазанда Алматыда өткен жекпе-жекте Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Ал Жәнібек Әлімханұлы 10 қараша күні Калифорнияда өткен жекпе-жекте канадалық Альберт Онолуносты нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерін қорғаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы