445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысының Төлеби ауданы – спортты серік еткен мекен

  • 336
  • UPD: 18:54, 21.01.2020

Түркістан облысының Төлеби ауданы чемпиондар шығаратын ұстахана сияқты. Әсіресе ережесіз жекпе-жек, күрес, бокс сияқты спорт түрлері жақсы дамыған. Бүгінгі күні ауданда 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан астам адам шынығады. Жақында аудан орталығы Леңгір қаласында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында бой көтерген орталықта жасөспірімдер спорттың 12 түрі бойынша тегін жаттығады.

Расында Төлеби ауданы чемпиондар шығаратын ұстахана сияқты. Қазір бүкіл әлемді жаулаған ережесіз жекпе-жек өнері ауданда жақсы дамыған. Жауынгерлік самбодан әлемнің 3 дүркін чемпионы Арман Оспанов та осы өңірдің тумасы. Аралас және ережесіз жекпе-жектен азия мен әлемді бағындырған оғландар мұнда жетерлік. Ал ағалары сияқты чемпион болғысы келетін жасөспірімдер тіпті көп.   

Нұрасыл Жақсыбек, 5-сынып оқушысы:

- Бокспен айналысқаныма 2 жыл болды. Көптеген жарыстарға бардым. Спорт кешені салынғаныа қуаныштымын. Бұл жерде кең әрі ыңғайлы, жылы. Ірітеуден өтіп Қазақстанға жолдама алсам деген мақсатым бар. 

Бекнұр Ақмұра, 8-сынып оқушысы:

- Бұрын «Жастық» стадионына баратын едік. Қазір осы жер ыңғайлы. Адамдар көп келеді. Мен болашақта ағаларым сияқты чемпион болғым келеді. Сол үшін аянбай еңбек етемін.

Ленгір қаласында ашылған жаңа спорттық-сауықтыру кешені 1400 орынға лайықталған. Мұнда бір уақытта 210 жасөспірім спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, ережесіз жекпе-жек және күрестің бірнеше түрлері бойынша тегін жаттығады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған заманауи орталық спортшыларға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. 2019 жылы ауданда дәл осындай 3 спорт кешені және 15 ауылда қарапайым спорт алаңдары пайдалануға берілген. 

Мадияр Құрбаналиев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Бұнымен тоқтап тұрған жоқпыз, 2020 жылы бізде үлкен жобаларымыз бар. Көксерек, Аққсу және 1 Мамыр ауылынан дәл осындай заманауи үлгідегі спорт кешендерін салу жоспаралап, қазіргі таңда жұмыс атқарып жатырмыз. 2021 жылға бізде арнайы қаржы бөлініп, 3 спорттық-сауықтыру кешенін салынады деп жоспарлап отырмыз. Таулы аймақ болғандықтан жергілікті тұрғындарды осы қысқы спорт түрлеріне қызықтырып, қысқы спорт түрлерін дамытамыз деген жоспар құрудамыз.

Бүгінгі күні ауданда 110 мың тұрғын бар. 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы