422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасөспірімдер Олимпиадасы: шаңғышылар жарысы аяқталды

  • 517
  • UPD: 12:10, 22.01.2020
Жасөспірімдер Олимпиадасы: шаңғышылар жарысы аяқталды Zextrem

Швейцарияда өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғышылар бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жолы да жүлдеге ілінбеді. Қыздар арасындағы бес шақырымдық сайыста Валерия Батченко мен Айша Рақышева бәсекеге араласты. 90 шаңғышы сынға түскен жарыста Батченко 57-ші орыннан көрінсе, Рақышева 25-ші болып мәреге жетті. Айша алғашқы екі айналымда жақсы нәтижге көрсетті. Алайда, соңғы шешуші сында сылбырлық танытып, қарсыластарын ұзатып алды.

Айша Рақышева, Шаңғыдан қазақстан құрамасымен мүшесі

Май жақсы ұстады. Шаңғы да жақсы болды. Бәрі өзімізге байланысты. Барынша күш-жігерімді салып, жүгіруге тырыстым. Бар күшімді салдым. Екінші айналым соңғы өрге қарай қиын болды. Барынша жұмыс істеуге тырыстым.

Жігіттер арасындағы жарысқа Ілияс Исабек пен Дидар Қасенов қатысты. Ілияс 10 шақырымдық қашықтықты 30 минутта жүріп өтіп, 37-ші орынға тұрақтады. Қысқа қашықтықтағы жарыстарға машықтанған Исабек екінші айналымнан кейін шаршап қалды. Мамандар Дидар Қасеновке үміт артқан. Қазақстандық шаңғышы жүлдеге жетпесе де үздік ондықтың қатарына енуі тиіс еді. Бірақ ол 24-ші болып мәреге жетті.

Хабар 24 телеарнасы