429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Австралия теннисшілеріне есе жіберді

  • 496
  • UPD: 12:14, 22.01.2020
Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Австралия теннисшілеріне есе жіберді sport/item

Мельбурн қаласында теннистен Австралия ашық біріншілігі басталды.

Жарыстың алғашқы күні бес Қазақстандық спортшы кортқа шығып, екеуі турнирден шығып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Австралия теннисшілеріне есе жіберді. Кукушкин Марк Полманстан ұтылса, Бублик Джордан Томпсонға жол берді. Жігіттерге қарағанда қыздардың аяқ алысы жақсы. Елена Рыбакина екінші айналымда Бельгиялық Грет Минненмен кездессе, Зарина Диас орыс Анна Блинковамен ойнайды. Юлия Путинцева Америкалық Даниэль Коллинсбен кортқа шығады.

Хабар 24 телеарнасы