377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семсерлесуден Гран-при турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

  • 156
  • UPD: 14:44, 22.01.2020
Семсерлесуден Гран-при турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды ҚР ҰОК

23-27 қаңтар аралығында Катар астанасы Доха шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңін қабылдайды.

Әлемдік додаға Қазақстан спортшылары да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан атынан мына спортшылар бақ сынайды: Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Сертай Ерлік, Вадим Шарлаимов және Дмитрий Адайкин.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Ульяна Балаганская сынға түседі.

Айта кетелік, семсерлесуден Гран-при турнирінде рейтингілік ұпайлар беріледі.

Хабар 24 телеарнасы