loader

Лозанна-2020: Қазақстан командасы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады

Лозанна-2020: Қазақстан командасы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады

Қазақстан құрамасы Лозаннадағы 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады деп жазды Olympic.kz. 

Ең соңғы болып жарыс жолына шорт-трекші Санжар Жанысов шыққан болатын. Ол аралас командалық сында D тобында бақ сынады. Санжарда бөлек аталған топта американдық Жанель Берхост, нидерландылық Мишель Вельзебор және қытайлық Тян Чжан өнер көрсетті. Жартылай финал қорытындысы бойынша Жанысовтың командасы В финалына өтті. Алайда шешуші сында пенальти алып, жарысты тоқтатты.

Аралас командалық сында Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және Нидерланд спортшыларынан құралған В тобы чемпион атанды. Айта кетелік, 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан атынан 26 спортшы қатысты.

Сондай-ақ...