378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Australian Open: Зарина Дияс үшінші айналымға өтті

  • 288
Australian Open: Зарина Дияс үшінші айналымға өтті prosports.kz

Зарина Дияс Australian Open 1/16 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундта қазақстандық теннисші әлемнің 58-ракеткасы ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, бірінші партияда жеңіске жету мүмкіндігіне ие болды, бірақ 4: 1 есебімен алға шығып тұрып, қатарынан бес геймді беріп қойды да, 4: 6 есебімен ұтылды.

Алайда екінші партияда да дәл осындай артықшылыққа қол жеткізген Зарина ол мүмкіндікті жібермей, 6:3 есебімен басым түсті.

Үшінші сетте Дияс брейк жасаған оныншы гейм шешуші болды. Осының арқасында ол 6: 4 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Зарина Дияс (Қазақстан) – Анна Блинкова (Ресей) – 4: 6, 6: 3, 6: 4

Эйстер: 2-3

Қосарланған қателіктер: 3-8

Үзілістер: 9-7

Матчы ұзақтығы: 2 сағат 9 минут

Хабар 24 телеарнасы