377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Юлия Путинцева әлемнің 25-ракеткасын жеңді

  • 134
  • UPD: 18:39, 23.01.2020
Теннис: Юлия Путинцева әлемнің 25-ракеткасын жеңді inform.kz

Қазақстандық Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 25-ші, осы «Үлкен дулыға» турнирінің 26-шы ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен кездесті.

Биыл америкалық спортшы Ю.Путинцеваны Австралиядағы Брисбен жарысында 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтып, қапы қалдырған еді. Сондықтан Юлияның есе қайтаруға тырысатыны анық.

Бірінші партияда есеп 1:0 болғанда, қазақстандық теннисші үш бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Сол-ақ екен, брейк жасаған Д.Коллинз 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен, Ю.Путинцева да қалыспай, есепті 5:3-ке жеткізді. Ақыры сетті өз есебіне жаза білді – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте Д.Коллинз брейк жасап, өз геймін де жібермеді – 5:2. Сосын тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Үшінші, шешуші партияны Юлия брейкпен бастады – 1:0. Әйтсе де, есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмай, қарсыласы таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен Путинцева қайыра брейк жасап, қайта алға шықты – 6:5. Бұл жолы ол жеңіспен түйіндей алды – 7:5.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 36 минутқа созылды.

Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кортқа шығады. Ол екінші кездесуінде ұлыбританиялық Хэрриет Дартты 6:2, 6:4 есебімен қиналмай ұтты.

Осылайша, Қазақстаннан әйелдер арасында жекелей сында үш теннисшіміз де үшінші айналымға өтті.

Хабар 24 телеарнасы