375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүкембаев пен Лара жекпе-жек алдында көз арбасты

  • 168
  • UPD: 16:02, 24.01.2020
Жүкембаев пен Лара жекпе-жек алдында көз арбасты

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) пен мексикалық Рикардо Лараның (22-7, 10 КО) жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихаты өтті, деп жазды Prosports.kz.

Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өтеді.

Алғашқыда Батыр аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен (12-3-1, 4 KO) жұдырықтасатыны туралы айтылған болатын. Алайда оңтүстікамерикалық боксшы Канада визасын ала алмаған. Оның орнына 27 жастағы мексикалық боксшы Рикардо Лара (22-7, 10 КО) жұдырықтасатын болды. 

Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі  25 қаңтар күні «Хабар» телеарнасынан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:30-да тікелей эфирде көрсетіледі.

 
Хабар 24 телеарнасы