432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» Түркияда қарсыласымен тең ойнады

  • 455
  • UPD: 23:51, 25.01.2020
«Тобыл» Түркияда қарсыласымен тең ойнады

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Дубайдағы жаттығу жиынындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды клбутың ресми сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Жолдастық кездесу Словакияның «Жилина» командасына қарсы өтті. Ойынның басында қостанайлықтар басым көрінген. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсыластарды қос қапталдан қысып бақты.

Алайда қарымта шабуылдардың бірінде «Жилина» ойыншысы Бранислав Слука «Тобыл» қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Қазақстандық команданың сапынан Сенин Себаи гол соғып, таразы басын теңестірді. Осылайша «Тобыл» Словакияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа лигасының қатысушысымен тең ойнады.

Хабар 24 телеарнасы