375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

  • 229
  • UPD: 11:58, 26.01.2020
Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінің басты кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Батыр мексикалық Рикардо Ларамен жұдырықтасты. 10 раундқа белгіленген кездесу 2 раундта аяқталды. 28 жасар қазақстандық боксшы Жүкембаев қарсыласын сұлатып түсірді. Бұл – Батырдың спорттағы мансабындағы он сегізінші жеңісі. Және он төртінші рет қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Бастапқыда отандасымыз аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронға қарсы бокстасуы керек еді. Бірақ ол Канадаға виза ала алмағандықтан, Батыр басқа спортшымен шаршы алаң төрінде күш сынасты. 

Хабар 24 телеарнасы