420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Англия футбол лигасы: «Сити» бүгін «Юнайтедті» қабылдайды

  • 519
Англия футбол лигасы: «Сити» бүгін «Юнайтедті» қабылдайды

Бүгін Англия футбол лигасының кубогы жолындағы бәсеке жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жартылай финалдағы қарымта ойында «Манчестер» дербиі өтеді. «Сити» «Юнайтедті» қабылдайды. Алғашқы матчта Пеп Гвардиола шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткені белгілі. Сондықтан «Ситидің» биыл да финалға шығуына тамаша мүмкіндік бар. Ал «Юнайтедтің» жағдайы қиын. Премьер-лигада ала-құла ойнап жүрген Сульшер шәкірттері турнир кестесінде бесінші орында келеді. Сондықтан «қызылдар» лига кубогын ұтуға тырысады. «Юнайтедтің» бас бапкері қарымта ойында жеңіске жетуге ұмтыламыз дейді.

Хабар 24 телеарнасы