377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатына дайындалып жатыр

  • 220
Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Еліміздің ауыр атлеттері Азия чемпионатына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу жиыны Түркістан облысының Төле би ауданында өтіп жатыр. Жарысқа 12 зілтемірші қатысады. Олардың арасында Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Рижат Рахимов пен Олимпиада жүлдегері Денис Уланов та бар. Биыл Қазақстандық спортшылар Азиядағы ең мықты зілтеміршілермен күш сынасады. Жарыс алдағы көктемде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл Токио олимпиадасы алдындағы маңызды іріктеу турнирі болмақ. Айта кетейік, қазір ауыр атлеттер Төле би ауданындағы тау бөктерінде орналасқан жаңа спорт кешенде жаттығып жатыр. Курортты аймақта салынған нысан барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталған дейді спортшылар. 

Денис Уланов, Рио-Де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері:

– Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтіп жатыр. Біздің дайындық қаңтар айының 2-нен басталды. Басында басқа залда жаттыққан едік, енді осында келдік. Мұнда спортшыға қажеттінің барлығы бар. Көңіл-күйіміз де жақсы. Тек дайындалу керек.

Хабар 24 телеарнасы