381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коби Брайанттың филиппиндік жанкүйерлері баскетболшының алып суретін салды

  • 160
  • UPD: 16:39, 29.01.2020
Коби Брайанттың филиппиндік жанкүйерлері баскетболшының алып суретін салды nv.ua

Филиппинде баскетболшы Коби Брайанттың жанкүйерлері оның қызымен бірге бейнеленген алып суретін салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша жергілікті тұрғындар әуе апатынан қаза тапқан сүйікті спортшысын еске алып, оның рухына тағзым етті.

Еске салсақ, қаңтардың 26-сы күні Калифорния штатындағы Санта-Моника жотасында Коби Брайант мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Әуе көлігіндегі 9 адамның бәрі қаза тапты. Оның арасында баскетболшының 13 жастағы қызы Джанна да бар. Тергеуге қарағанда апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары. Жаға ұстатарлық статистика

Хабар 24 телеарнасы