422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзалдан еліміздің құрамасы ӘЧ іріктеу турниріне қатысады

  • 569
  • UPD: 15:30, 30.01.2020
Футзалдан еліміздің құрамасы ӘЧ іріктеу турниріне қатысады

Халықаралық аренада футболдан есеміз кетіп жүргені белгілі. Алайда аладопты ұршықша иіретін жерлестеріміз жетерлік. Олар футзалда жүр.

Жанкүйерлерді мини-футболдағы жігіттер жиі қуантады. Бразилиялық жаттықтырушы Рикардо Какадан тәлім алатын ұлттық құрама әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр. 2020 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу ойындары Чехияның Брно қаласында өтеді. Жалғыз жолдаманы алаң иелерінен бөлек Қазақстан, Румыния және Словения сарапқа салады. Оқу-жаттығу жиындарын елордада өткізген жерлестеріміз алдағы жарыс жайлы өз ойларымен бөлісті. Бас бапкер Рикардо Каканың айтуынша, команда сапындағы ойыншылардың бәрі дайын. Жаттығу жұмыстары да жақсы өтіп жатыр. Чехияға аттанатын 14 футболшы да белгілі. Қазақстан элиталық іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін 2 ақпанда Румыниямен өткізеді. Матч елорда уақытымен түнгі екіде басталады. 

Рикардо Кака, футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Қазақстан Еуропалық рейтингте 4 ,ал әлемде жетінші сатыда тұр. Сондықтан мұндай жарыстарда тек бірінші орын туралы ойлау керек. Біз қарсыластарымызды құрметтейміз. Олар мықты командалар. Бірақ біз жеңіс үшін барамыз. Алғашқы ойын Румыниямен өтеді. Олармен бұрын кездестік, ол құраманы жақсы білеміз. Словения да ірі жарыстарға жиі қатысып жүрген тәжірибелі команда екенін атап өту керек. Чехия өз жерінде жанкүйерлердің қолдауына сүйеніп, жеңіске жетуге тырысады.

Хабар 24 телеарнасы