429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Исламхан араб клубтарының біріне ауыспақ

  • 878
  • UPD: 16:51, 30.01.2020
Бауыржан Исламхан араб клубтарының біріне ауыспақ

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл Айн» командасына ауыспақ, деп хабарлайды vesti.kz.

Исламхан медициналық тексерістен өткеннен кейін 5 айға арналған келісімшартқа отырады.

«Әл Айн» – БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы араб командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетіп, «Реал» (Мадрид) командасына 1:4 есебімен жол берген болатын.

Бауыржан Исламхан Алматының «Қайрат» командасында 2013 жылдан бастап өнер көрсетіп келді. Өткен маусымның соңында келісімшартының аяқталуына орай командадан кетті. Осы жылдың басында Ресейдің «Зенит» командасының сапында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Бірақ қос тарап келісімге келе алмады. «Зенит» Испанияда өтетін кезекті оқу-жаттығу жиынына Исламхансыз аттанып кетті.

«Зенит» директоры Исламхан бойынша Аршавинмен ақылдасқанын айтты

Хабар 24 телеарнасы