375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үздік бадминтоншылары анықталды

  • 293
  • UPD: 16:44, 31.01.2020
Қазақстанның үздік бадминтоншылары анықталды

Алматыда бадминтоннан ерлер мен әйелдер қатарындағы үздік 16 ойыншы арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды оlympic.kz

Жарысқа еліміздің үздік 32 спортшысы қатысты.

Олардың арасында халықаралық спорт шебері, жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Дмитрий Панарин, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Ниязов бар.

Сонымен қатар, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Батыс Қазақстан облысының спортшылары да қатысушылар арасынан табылды.

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:

Жекелей сын (ерлер)

1-орын – Дмитрий Панарин (Қостанай облысы);

2орын – Артур Ниязов (Түркістан облысы);

3-орын – Хайтмурат Кульматов (Түркістан облысы).

Жекелей сын (әйелдер)

1-орын – Камила Смағұлова (Түркістан облысы);

2-орын – Оксана Штелле (Қостанай облысы);

3-орын – Арина Сазонова (Қостанай облысы).

 

 

Хабар 24 телеарнасы