426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» өз алаңында «Авангардты» жеңді

  • 472
  • UPD: 20:37, 01.02.2020
«Барыс» өз алаңында «Авангардты» жеңді prosports.kz

Құрлықтық хоккей лигасының аясында елордалық «Барыс» хоккей клубы өз мұз айдынында омбылық «Авангардты» қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz

«Барыс» сапынан Гурков, Панюков, Маклюков және Акользин мергендігімен көзге түсті. Қонақтар сапында Ручкин, Шумаков және Семенов гол соқты.

Скабелка шәкірттері 55 матчтан кейін 73 ұпай жинап Шығыс конференциясында үшінші сатыға жайғасқан. «Авангард» 55 матчтан кейін 77 ұпаймен екінші орынға тұрақтаған.

«Барыс» келесі ойынын 11 ақпанда сырт алаңда «Автомобилистке» қарсы өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы