419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маунтинбайктан Азия чемпионаты жасөспірімдеріміз үшін сәтті басталды

  • 445
  • UPD: 11:04, 03.02.2020

Байрақты бәсеке Таиландта өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар аралас командалық эстафетада жүлдеге ілікті. Әділ Шәкіров, Темірлан Мұхамедиянов, Алина Сарқұлова, Зарина Бекмаева және Дамир Тұрсынқалидан құралған бестік мәре сызығын үшінші болып кесті. Топ басында Жапония мен Таиланд құрамалары. Құрлықтық дода 5 ақпанға дейін жалғасады және осы аралықта олимпиадалық даярлау орталығының шәкіттері тағы бірнеше қашықтықта жүлдеге таласып көреді.

Хабар 24 телеарнасы