420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маунтинбайктан Азия чемпионаты: ұлттық құрама қоржыны 2 медальмен толықты

  • 375
Маунтинбайктан Азия чемпионаты: ұлттық құрама қоржыны 2 медальмен толықты olympic.kz

Таиланд елінде маунтинбайктан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті жарыс күні ұлттық құрама қоржыны 2 медальмен толықты. Атап айтқанда, жастар арасында қазақстандық Денис Сергиенко күміс жүлдегер атанды. Ол қытайлық спортшыдан 1 минут 52 секунд қалып қойды. Ал қыздар арасында Зарина Бекмаева үздік үштікке ілікті. Ол жасөспірімдер арасындағы жекелей сынға қатысқан болатын. Осылайша жерлестеріміз еншісінде қазір 1 күміс пен 2 қола медаль бар. Яғни жарыстың алғашқы күні де аралас командалық эстафетада жүлдегерлер тұғырына көтерілген еді. Азия чемпионаты әлі бірер күнге жалғасады және осы аралықта олимпиадалық даярлау орталығының шәкіттері тағы бірнеше қашықтықта жүлдеге таласып көреді.

Хабар 24 телеарнасы