375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жолдамасына бір табан жақын тұр

  • 177
Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жолдамасына бір табан жақын тұр

Чехияда футзалдан әлем чемпионатына іріктеу жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні ұлттық құрама 3 ұпайды еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рикардо Кака баптайтын жігіттер Словения құрамасымен жолыққан болатын. Тарысты өткен матч 4:3 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз тарапынан Альберт Ақбалықов, Силва Дуглас, Леонардо Лео және Дәурен Тұрсағұловтар мергендігімен көзге түсті.

Айта кету керек, соңғысы ойын аяқталуына 35 минут қалғанда гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Қазақстан құрамасы турнир тізімінің 3-сатысына көтерілді. Топ басында Чехия құрамасы болса, Румыния аяқдопшылары екінші сатыда.

Ал Словения төртінші тұр. Енді бұл командалар өзара тағы бір кездесу өткізіп, әлем чемпионатына аттанатын нақты құраманы анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы