420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шәкір Әділов маунтинбайктан Азия біріншілігінде үздік бестікке енді

  • 317
  • UPD: 14:26, 05.02.2020
Шәкір Әділов маунтинбайктан Азия біріншілігінде үздік бестікке енді

Таиландтың Чианграй қаласында маунтинбайктан 26-шы Азия чемпионаты жалғасуда.

Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кросс-кантри қорытындысы бойынша қазақстандық шабандоз бесінші орын иеленді.

Бұл бәсекеде жапониялық Кохеи Ямомото топ жарса, екінші орында оның отандасы Сея Хирано. Үздік үштікті таиландтық Пирапол Чаучангванг қорытындылап тұр.

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандықтар құрлық додасынан екі медаль иеленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы