375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды

  • 287
  • UPD: 09:27, 06.02.2020
Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды sports.kz

Қазақстан құрамасы футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

Бұл Чехияда өткен іріктеу турнирінен кейін белгілі болды. Жолдаманың тағдыры соңғы жарыс күні шешілген еді. Рикардо Кака баптайтын жігіттер жергілікті аяқдопшылармен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп – 5:2. Ұлттық құрама сапынан Дуглас пен Тайнан мергендігімен көзге түсті. Яғни алғашқысы хет-трик жасаса, кейінгісі дубль авторы атанды.

Осылайша жерлестеріміз 6 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Екінші орында Чехия құрамасы болса, одан кейін Румыния мен Словения тұр. Енді қазақстандық спортшылар Литвада өтетін әлем чемпионатына дайындалады. Байрақты бәсеке алдағы күзде өтеді.

Айта кетейік, жерлестеріміз дүниежүзілік додадаға осымен 3-рет қатысқалы отыр.

Хабар 24 телеарнасы