427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық «Сарыарқа» Новокузнецкінің «Металлургін» жеңді

  • 768
  • UPD: 11:50, 06.02.2020
Қарағандылық «Сарыарқа» Новокузнецкінің «Металлургін» жеңді sports.kz

Қарағандылық «Сарыарқа» өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Қазақстандық клуб жоғарғы хоккей лигасы аясында Новокузнецк қаласының «Металлургімен» жолыққан болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы матч 1:2 есебмен аяқталды. Ал, қарымта кездесуде 3:4 есебі тіркелді. Айта кету керек, қос ойында да жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Қарағандылық команда мүшелері өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, екі күндік кездесулер нәтижесінде 4 ұпай жинады. Соның арқасында турнир тізіміндегі жағдайын жақсартып алды. Қазір «Сарыарқа» өз тобының 5-ші сатысында тұр. Ал, кезекті кездесуін 11 ақпанда өткізеді. Яғни, енді  «Ермак» хоккей клубына қарсы ойнайды және бұл матч та сырт алаңда болады.

 

6 жерлесеміз жатырлай финалда

Венгрия төрінде бокстан Иштван Бочкаи атындағы халықаралық турнир жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күні ширек финалдық кездесулер өткен еді. Шаршы алаңға шыққан 6 жерлесеміз де өз қарысыластарын ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Әсіресе, 69 келідегі Талғат Шайкен мен италиялық Джанлуиджи Маланга және 81 келідегі Нұрбек Оралбай мен ресейлік Расул Алиев арасындағы жекпе-жектер аса тартысты өтті. Халықаралық жарыстың жалпы қорытындысы 9 ақпанды белгілі болады.

Айта кетейік, Кәрі құрлықтағы байрақты бәскеге ұлттық құраманың нөмірі екінші және екінші боксшылары аттанды. Ал, негізгі құрама Иорданияда өтетін аймақтық іріктеуге дайындалып жатыр. Онда алдағы Олимпиаданың жолдамалары сарапқа салынады. Жарыс наурыз айында өтеді.

 

Қазақстандық клуб төңірегіндегі дау

«Астана» велокомандасы төңірегіндегі дауға қатысты допинке қарсы қор өз мәлімдемесін жасады. Ұйымның ресми сайтында Якоб Фульсанг пен Алексей Луценкоға қатысты ешқандай істің қозғалмағаны айтылған. Ал, тесерістің болғанын растады. Бірақ оның нәтижесінде олқылық анықталмапты. Енді допинке қарсы ұйым өз ішінде қызметтік тексеріс жүргізіп, жалған ақпаратты таратқандарды жауапқа тарпақ. Сонымен қатар алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы қатаң қадағаланатыны жеткізген. Ал, қазақстандық клубтың бас менеджері Александр Винокуров допингке қарсы қордың пікіріне алғыс білдіріп, ұйым тарапынан жүргізілетін кез келген тексеріске және осы бағытта тығыз әріптестік орнатуға дайын екенін алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы